Дональд Трамп пен Ким Чен Ын кездесті

/uploads/thumbnail/20180612101046995_small.jpg

Ким Чен Ын мен Дональд Трамп сейсенбі күні таңертең Сингапурда КХДР мен АҚШ-тың алғашқы саммитінде кездесті, деп деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Көптен күткен кездесу Сингапурдан көпір арқылы бөлінген Сентос курорттық аралындағы «Капелла» қонақ үйінде өтті.

Кездесудің басында екі ел басшылары камера алдында күлімдеп қол алысты.

«Бұл мен үшін құрмет. Біздің қарым-қатынасымыз тамаша. Менің ешқандай күмәнім жоқ», - деді Трамп. Сонымен қатар президент келіссөздердің де сәтті болатынына сенім білдірді.

Өз тарапынан, Ким Чен Ын Пхеньян мен Вашингтон арасындағы қарым-қатынас ретке келетініне үмітті екенін айтты.

«Біз бұл жерге аяққа тұсау болған бұрынғы кедергілердің бәрін артқа тастап келдік», - деді Солтүстік Кореяның басшысы.

«Бұл рас», - деп растады Трамп.

Кездесу протоколда жоспарланғандай 45 минутқа созылды. АҚШ Президенті келіссөздерің сәтті өткенін, арадағы үлкен кедергілердің ретке келгенін айтты.

Журналистер үш мәрте жолдаған ядролық қарудан бас тарту туралы сауалға Ким Чен Ын жауап  берген жоқ.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар