Ким Чен Ын мен Дональ Трамп Корей түбегін ядролық қарусыздандыру бойынша құжатқа қол қойды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Қол қойылған құжаттамада Корей түбегін ядролық қарудан тазарту міндеттемесі туралы жазылған. Алайда құжаттың ішінде американдықтардық Пхеньяннан ядролық қару мен континентаралық балистикалық ракеталардан түбегейлі бас тартуына қол жеткізуі туралы бірде бір сөз жоқ.
«27 сәуірде қабылданған Пханмунджом декларациясын растай отырып, Корей түбегін ядролық қарусызданыру үшін тиісті шараларды жүргізу міндеттеледі», - деп жазылған Ким Чен Ын мен Трамп қол қойған құжатта.
Биыл сәуір айында Пханмунджомдағы келіссөзде екі ел басшылары Солтүстік Корея Корей түбегін ядролық қарусыздандыру бойынша халықаралық қауымдастықпен бірлесе жұмыс жасауға уәде еткен декларацияны қабылдаған болатын.
Пікір қалдыру