НҰРдың бәрі жағымпаздық па?

/uploads/thumbnail/20180708132524462_small.jpg

Nazerke Semey есімді Facebook қолданушысы "Нұр" сөзінің мән-мағынасына талдау жасады, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Оның ойынша, "нұрдың" бәрін Елбасының атымен байланыстыру орынсыз.

"Дүниеге Нұрпрезидент келді" - ЖАҒЫМПАЗДЫҚ!
"Нұрлы жол" - ЖАҒЫМПАЗДЫҚ!
Нұр-Астана мешіті - ЖАҒЫМПАЗДЫҚ!
Нұр Отан - ЖАҒЫМПАЗДЫҚ!
НҰРдың бəрі жағымпаздық, əйтеуір...
НҰР сүресі де ЖАҒЫМПАЗДЫҚ шығар, ə?! ? (Ойлануға арналған үзіліс. Ойланып болдыңыз ба? - Ендеше, жалғастырайық)

"НҰР"- Қасиетті Құран-Кəрімнің 24-сүресі.

Аталмыш сүренің 43-аятында: "Көрмейсің бе? Расында Алла бұлттарды айдайды. Сосын оның араларын біріктіреді. Сонан соң оны қабат-қабат қылады. Сонда бұлттың араларынан жаңбыр шыққанын көресің. Және аспаннан ішінде бұршағы бар (бұлт) тауларын түсіреді де ол арқылы қалаған пендесіне апат жеткізіп, қалағанынан бұрып, әкетеді. Найзағайдың жарқылы көздерді әкете жаздайды" делінген. 
Пайғамбарымыз (с.а.у.) «Аспан есіктері ашылып мына төрт жағдайда жасалған дұға қабыл болады: Алла жолында саптар бір-біріне жолыққанда, жаңбыр жауғанда, намазға қамат түсіріліп жатқанда және Кағбаны көргенде» деген екен [Ат-Табарони, Аби умамадан].

Келтірілген аят пен хадистің арасындағы байланысты байқадыңыз ба?
?
Алла бұйырып жаудырған жаңбырдың қадір-қасиетін білген қазақ халқы жауын-шашынды осы себепті "Алланың нұры" дейді. Мұқағали Мақатаевтың "Нұр жауып тұрған көктемде..." деп басталатын өлеңіндегі "НҰР" да сол жауын ғой. Бұны білмейтіндер бар екен ? МАСҚАРА!
Негізі "НҰР" сөзінің тура мағынасы, аудармасы - жарық. Жарықтың несі жаман?!?
Дəстүрлі дінді ұстанған қазақтың баласына Нұрлан, Нұрбол, Нұрбек, Нұргүл, Нұрбибі т.с.с. есімдерді беруіндегі басты мақсат қазіргі көпшілік ойлағандай жағымпаздану емес, перзентінің иманды, кең жүректі, адал болып өсуін тілегені шығар? Сондай зор мағыналы, əдемі сөзді əкеп, жап-жаман жағымпаздықпен егіз еттік. Қараңғылық қой! Кей адамдар тіпті "НҰР" деген сөзді жек көріп кетті... ? 
Өкінішті-ақ... Сауатсыз көпшілік үшін НҰРдың құр бір буынды "приставка" болып қалғаны өкінішті-ақ..." - деп жазды автор.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар