«Эл Фриман» режиссері халықаралық фестивальде «үздік дебютант» атанды

/uploads/thumbnail/20180801104411599_small.png

Шілденің 21 мен 28 аралығында өткен Мадрид халықаралық кинофестиваліне қатысқан «Эл Фриман» көркем фильмі «Үздік режиссер-дебютант» аталымында жеңіске жетті. Сонымен қатар, аталған картина «Көркем фильмдегі үздік операторлық жұмыс» номинациясы бойынша да бақ сынады. Фильмді ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы түсірген.

Айта кетелік, картинаның режиссері Елжас Рақымбеков әр түрлі елден қатысып отырған 14 бәсекелесті, оның ішінде «#TAKEMEANYWHERE» фильмімен аталмыш номинациядан үмітті болған танымал голливудтық актер Шайа ЛаБафты да озып шыққан.  Рақымбековтың дебюттік картинасы (шығармашылық лақап аты – Михар Сажле) Лос-Анджелесте америкалық билік өкілдерінен жасырынып жүрген иммигранттың басынан кешкендерін баяндайды.

Фестивальдің лауреаты Елжас Рақымбеков: - Біріншіден алғысымды туған-туыстарыма, жақындарыма және бізге соңына дейін сенім артып, қолдау білдіргендерге айтамын. Сондай-ақ, фильмді жасауға атсалысқандарға да рахмет деймін. Бұл тек бастамасы ғана, - деп толғаныспен ойын жеткізді.

Film Fest International халықаралық тобына жататын Мадрид кинофестивалі форматы бойынша Лондон, Амстердам, Ницце, Берлин және Миландағы фестивальдерге ұқсас. Кинематографияның барлық белгілі жанрларына есігі ашық бұл фестивальде жас буын режиссерлерге, заманауи тенденциялар мен кино саласының дамуына ықпал жасайтын трендтерге аса көңіл бөлінеді. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар