Әуежай дәретханасында адам эмбрионы табылды

/uploads/thumbnail/20171114172723460_small.jpg

American Airlines әуе компаниясының қызметкері Нью-Йорктегі  Ла-Гуардия әуежайында тазалық жұмыстарын жүргізу барысында дәретханада адам эмбрионын тауып алған, деп хабарлайды РИА Новости. Өлі ұрық Шарлоттадан (Солтүстік Каролина штаты) түнгі рейспен  Нью-Йорк әуежайына қонғаннан кейін табылған.

Ұрық табылған жерге полиция қызметкерлері келді. Олар істі прокуратураға жіберді.

«Біз бұл жағдайды тексеріп, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен жұмыс істеп жатырмыз», - дейді American Airlines өкілі.

Әуежай өкілдері  Twitter парақшасында аталмыш рейспен ұшқан ұшақ тексеріліп жатқандықтан рейстер кешігіп жолға шығатынын ескертті.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар