"МакГрегор" Хабиб Нұрмағамедовтың үстінен арыз жазған

/uploads/thumbnail/20181004115044041_small.jpg

Уфа қаласындағы полиция қызметкерлеріне МакГрегордың атынан белгісіз азамат Хабиб Нұрмағамедовке арыз жазған. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі шетелдік БАҚ-тың дерегін негізге алып хабарлайды. Өзін Конор МакГрегор деп таныстырған жігіт Уфа қаласында Хабиб Нұрмағамедовтың соққыға жыққанын айтып, арызданған. Алайда полиция қызметкерлері бұл іске қатысты тергеу жұмыстары жүргізілмейтінін мәлімдеген.

"Себебі Конор МакГрегор мен Хабиб Нұрмағамедов арасындағы жекпе-жек Уфада емес, Лас-Вегас қаласында өтті",- дейді Уфа қаласының полиция қызметкерлері.

Еске сала кетсек, Конор МакГрегор мен Хабиб Нұрмағамедовтың арасындағы ғасыр жекпе-жегі 6 қазанда Лас-Вегас қаласында өтті. Аталмыш жекпе-жекте Хабиб Нұрмағамедов Конорды тұншықтыру тәсілі арқылы жеңді. Бірақ жекпе-жектен кейін Хабиб Нұрмағамедов пен Конор МакГрегор командасының арасында төбелес болып, шу шыққан болатын.  Аталмыш келеңсіз жайт үшін Хабиб Нұрмағамедов жанкүйерлерден кешірім сұрады. 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар