«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ шетелдік үздік анимациялық фильмге қазақ тілінде кәсіби дубляж жасайтын компанияларға байқау жариялайды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
«Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ шетелдік үздік анимациялық фильмге қазақ тілінде кәсіби дубляж жасайтын компанияларға байқау жариялайды.
Байқаудың мақсаты - «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы № 569 Жарлығын жүзеге асыру, қазақ тілі әліпбиін латын графикасына 2025 жылға дейін кезең-кезеңмен көшіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы ҚР Премьер-Министрінің Өкімін орындау.
Шетелдік үздік анимациялық фильмді қазақ тілінде дубляждау және латын графикасы негізіндегі қазақ тілі әліпбиінде субтитр беру;
Дубляждалған анимацияны БАҚ және әлеуметтік желілерде кеңінен насихаттау, орналастыру;
Мемлекеттік тілді кеңінен насихаттау, латын графикасындағы қазақ әліпбиін субтитрмен беру арқылы балаларға латын әліпбиін үйрету.
Байқауға қойылатын талаптар:
Анимация арнайы жабдықталған студияда дыбысталуы керек. Студияның шетелдік анимациялық фильмдерді дыбыстауда тәжірибесі кемінде 3 жыл болуы шарт. Шетелдік анимациялық фильм қазақ тілінде дыбысталады (дубляж).
Анимациялық фильмде жаңа бекітілген латын графикасына негізделген қазақ тілі әліпбиімен жазылған субтитр беріледі. Субтитр берілетін түс (анық болуы шарт) анимациялық фильмнің көрінісімен үйлесуі қажет.
Республикалық телеарнада көрсетіледі.
БАҚ-та және әлеуметтік желілерде насихаттау жұмысы қарқынды жүргізіледі.
Дубляжды жүзеге асыру мерзімі 2018 жылдың 10 желтоқсанына дейін.
Дубляж жасалатын фильмнің атауы, синопсис (презентация түрінде) және бағалық ұсынысты, мүмкін болса, қызмет көрсету кестесін көрсетілген мекенжайға тікелей немесе пошта арқылы жолданады.
Компанияның шетелдік үздік анимациялық фильмді дубляж жасауға және телеарналарда орналастыруға лицензиясы болуы шарт.
Ұсыныстар төмендегі мекенжай бойынша қабылданады.
Астана қаласы Сығанақ көшесі, 25, «Аңсар» бизнес орталығы, 2-қабат «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ.
Байқауға қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі:
2018 жылдың 31 қазанында сағат 18:00-ге дейін (Астана уақыты бойынша).
Байқауға қатысуға өтінім байқауды ұйымдастырушыға мөрленген конвертте келесі көрсетілген ақпаратпен беріледі:
-Байқауға қатысушының атауы мен байланыс ақпараты;
-Байқауды ұйымдастырушының атауы мен байланыс ақпараты;
-Байқаудың атауы.
Ескерту!
Құжаттары толық емес, көрсетілген мерзімнен кеш ұсынылған жобалар қабылданбайды. Материалдарды іріктеу және сараптамалық кеңеске ұсыну «Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» КеАҚ құзіретінде.
Сұрақтар бойынша 8(7172) 27-71-33 нөміріне (tilalemi.kz@gmail.com) хабарласыңыз.
Пікір қалдыру