Канадада атыс болды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі CTV News сайтының дерегін негізге алып. Торонто қаласының орталығындағы Кинг және Колболрн көшелерінің қиылысында болған атыстан бір адам зардап шекті. Оқиға 13-қаңтарда жергілікті уақытпен 16:40-та болған.
Зардап шеккен адамға оқ тиіп, қатты жарақат алған және ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Ал қылмыскерлер болса қашып үлгерген. Куәгерлердің сөзіне сүйенсек, бірнеше адам атысқан. Қазір полиция қызметкерлері қылмыскерлерді іздеп жатыр.