Жас жұбайлар 3-ақ минут некеде болып, әлемдік рекордты жаңартты

/uploads/thumbnail/20190208102329022_small.jpg

Кувейттте жас жұбайлар рекорд орнатты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Олар некелерін қидырып, 3 минуттан кейін ажырасты. 

Неке қию рәсімі аяқталған соң қалыңдықтың аяғы тайып, құлап қалған. Ал күйеу жігіт көмек көрсетудің орнына, "жынды" деп мазақ қылған. Қалыңдыққа жан-жарының бұл әрекеті тым ерсі көрініп, жүрегіне қаяу салса керек, жыларман болып неке қиған азаматқа бірден ажырасқысы келетінін айтқан. 

Жас жұбайлар 3-ақ минут некеде болып, әлемдік рекордты жаңартты. Айта кетсек, осыған дейін БАӘ-де ерлі-зайыптылар неке қию рәсімінен кейін араға 15 минут салып ажырасқан болатын. 

Ұсынған: Әсел Болатқызы

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар