Жамбыл облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша көпқабатты үйлердің бірінде газ жарылған. Жарылыс кезінде 2 адам қаза тапты.
Таңғы сағат 6.31 шамасында Өрт сөндіру бөліміне хабарлама келіп түскен. Көпқабатты үйдің екінші қабатында газ жарылған. Пәтердің 300-дей тұрғыны үй жанындағы №41 мектепке қауіпсіздікті сақтау мақсатында көшірілген.
9-мөлтекауданда орын алған бұл оқиға әлі де зерттеліп, істің мән-жайы толығымен анықталуда.
Пікір қалдыру