Орта Азияның қай халқы өзін Шыңғыс ханның ұрпағына жатқыза алады?

/uploads/thumbnail/20190228120229241_small.jpg

Жер бетіндегі 16 миллион адам өзін «Шыңғыс ханның ұрпағымын» деп атай алады екен. Мұндай деректі Азияның 137 өңіріндегі ер адамдардың ДНҚ-сын зерттеген Англия және Франция ғалымдары айтты.

2005 жылы Моңғолия жерінде ғалымдар генетикалық экспертиза жасаған екен. Нәтижесінде, ел еркектерінің 8 пайызының геномында бір бабаға тән Y-хромосомасы бар екені анықталған. Әрі тарихи деректерге сүйене отырып, әлгі ғалымдар ол бабаның Шыңғыс хан екенін де анықтапты.

Сонымен Орталық Азияда қай халық өзін Шыңғыс ханның ұрпағымын деп атай алады? Түрлі ғалымдардың зерттеулеріне сүйенген Kaktakto агенттігі төмендегідей деректерді келтірді:

Қырғыздар

2003 жылы философия докторы Татьяна Зерджал бастаған бір топ ғалым Қырғызстан ерлерінің ДНҚ-сын зерттеді. Нәтижесінде ДНҚ-құрылыстарында бірнеше гаплогруппа анықталған: R1a гаплогруппасы мен C2b галогруппасы.

Зерттеулерге сәйкес, дәл осы галогруппа Шыңғысхан ұрпақтарының ДНҚ-сында бар екен. Мұндай галогруппа австралиялықтардың да генінде кездесетін көрінеді.

Шыңғыс хан ұрпақтары

Қырғыздардың генінде C2b галогруппасының 12,2 пайызы және C2c галогруппасының 7,3 пайызы кездеседі. Яғни қырғыз халқының кейбірі өздерін "Шыңғыс ханның ұрпағы" деп санаса болады.

Қазақтар

Қазақтардың ДНҚ-сы қызықты фактілерді көрсеткен. Жүзге жатпайтын Төрелер өздерін толық Шыңғысханның ұрпағымыз деп атай алады. Зерттеулерге сәйкес, дәл осы рудан шыққан қазақтардың 36 пайызының генінде C2b галогруппасы анықталған.

Жалпы төрелер  – Шыңғыс ханның үлкен ұлы Жошыдан тарайтын ұрпақ, қазақ даласында әлеуметтік топ. Олар қазақ руларына қосылмайтын өз алдына дербес қауым болып саналған. Төрелер өздерін «ақсүйек» қатарына жатқызған. Қазақ қоғамында хандар тек төрелерден шыққан  сұлтандар арасынан сайланатын.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында төрелердің саны 28 мыңға жеткен.

Қалмақтар

«Шыңғыс ханның ұрпағымыз» деп нақты айта алатын ұлттардың бірі – қалмақтар. Этникалық әрі генетикалық зерттеулерге сәйкес, бұл халық Шыңғыс ханның үшінші ұлы Үгедейден таралған. с2б1б1 геніне тән.

Шыңғыс хан ұрпақтары

183 мың тұрғыны бар Қалмақстанның 200-інде тікелей осы ген кездескен.

Ұсынған: Гүлім Жақан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар