Марокко тарихында сұлтан Мулай Исмаил ибн Шериф өзінің жауынгерлік ерліктері үшін "Жауынгер Патша" және жауларына қатыгездігі үшін "Қатыгез" билеуші ретінде тарихта қалды. Сондай-ақ бір таңғаларлығы сұлтан Мулай Исмаил ибн Шерифтың 1000-нан астам баласы бар. Qamshy.kz ақпарат агенттігі Гиннестің рекордтар кітабына енген көпбалалы әке ақпаратты оқырман назарына ұсынады.
Мулай Исмаил – Малайзияның Алауит әулетінің ең алғашқы сұлтаны. Ол елді 1672 - 1727 жылдар аралығында ел басқарған.Сондай-ақ ол ұзақ уақыт ел басқарған адам ретінде Малайзияның тарихында қалған. Ол өзін исламның негізін қалаушы Мұхаммед пайғамбардың ұрпағы деп мәлімдеген.
1000-нан астам баласы болса да Гиннестер кітабында Мулай Исмаилдың 888 баласы бар деп көрсетілген. Ол –тарихтағы ең көп балалары бар адам. Француз дипломаты Доминик Бусно 1704 жылы Мароккоға барған кезде 57 жастағы Мулай Исмаилдың 4 ресми әйелінен бөлек 500 қызметкері барын және олардан 1717 баласы болғанын жазып қалдырған.
Тарихи деректерге сүйенсек, сұлтан Исмаил Фез қаласында 400 жаудың басын алған. Келесі 55 жылда ол 30 000-нан астам адамды өлтіруге бұйрық берген.
Исмаил әрқашан күдікті әйелді қатты жазалаған. Оның әйелін көрген адамның басы алынған.