«Грузияның мұсылмандар одағы», елдің экс-президенті Михаил Саакашвилиден Аджаридің Хуло ауданында тұратын мұсылман дінін қабылдаған жергілікті тұрғындарға тіл тигізгені үшін кешірім сұрауын талап етті, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Рамблер сайтына сілтеме жасап.
Саакашвили: «Хулоның тұрғындарына ешқандай да сурет галереясы қажет емес», - деп, мәдениеті жоқ аудан екендігін айтқан. Сонымен қатар ол жергілікті саясаткерлердің бірін «артта қалған» және «үстінен жағымсыз иіс шығады» деп кекеткен.
«Мұсылмандар одағының» басшысы Тариэл Накашидзе, экс-президенттің бұл әрекетін «қорлық пен кемсітушілікке» балады.
Ескерте кетейік, Хулода және Грузияның басқа да аймақтарында 19 мамыр күні қала мэрінің сайлауы өтеді. Грузия сотынан қашып, шетелде бой тасалап жүрген экс-президент әлеуметтік желілер мен видеоүндеулер арқылы өзінің «Бірыңғай ұлттық қозғалыс» партиясының кандитатына дауыс беруге шақыруда.
Дайындаған: Маржан Сәбет
Пікір қалдыру