Хирургтар ер адамнан 38 металды затты алып тастады

/uploads/thumbnail/20190524100648422_small.jpg

Үндістанның Ченнаи қаласындағы ауруханаға ерекше науқас келген. 52 жастағы адамның денесінде 40-қа жуық металл зат болған деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі dailymail.co.uk сайтына сілтеме жасап.

Мәселе мидың МРТ процедурасы кезінде байқалған. Біраз уақыттан кейін жігіттің іші қатты ауыра бастаған. Дәрігерлер іш томографиясын жасағаннан  кейін адам денесінде металл бұйымдары бар екенін анықтады.

Хирургтар ер адамнан 38 металды заттарды алып тастады. Барлық заттарды алу үшін, хирургтар әрқайсысы 45 минутқа созылған бірнеше операция жасады. Жігіттің ішінен монеталар, кілттер, SIM-карталар, магнит және т.б. заттар алынды. Ең кішкентай объектінің ұзындығы екі сантиметр болған.

 1

Дәрігерлер жігіттің ауруханаға дәл уақытында келгенін атап өтті. Олай болмаған жағдайда ішектен қан кетіп, өлетін еді. Қазір үндістандық жігіттің денсаулығына қауіп жоқ. Алайда науқас металл заттардың организміне қалай кіргенін жасырып отыр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар