Білім министрі биылғы оқу жылына бөлінген грант санын мәлімдеді

/image/2019/06/18/122029.jpg

ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2019 жылы бакалавриат бойынша жоғары білім алуға 53 мыңнан астам грант бөлінгенін мәлімдеді деп хабарлайды  Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

"Биыл бакалавриатқа 53 785 грант бөлінеді. Магистратураға былтырғыдай 13 мыңнан астам грант берілген. 2 312 грант докторантураға", – деді Аймағамбетов.

Оның сөзінше, министрлік абитуриенттердің қанша грант бөлінетінін, қандай конкурс, қайда құжат тапсыру қажеттігін біліп отыруына ерекше мән береді.

"Олар осының бәрін біліп отырса, құжат тапсырғанда өздері үшін дұрыс шешім қабылдай алады. Биылғы жылы гранттар көбінесе техникалық мамандықтар бойынша бөлінген, бірақ әлеуметтік саланы да назардан шығармадық. Мысалы, қазір инклюзивті білім мәселесі көтерілуде. Сондықтан биыл біз дефектология бойынша гранттар санын арттырдық", – деп түсіндірді министр.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар