Әйелін атып өлтірген Тегеран экс-мэрі өлім жазасына кесілді

/image/2019/07/31/crop-21_6_557x990_b679d7b5-97ec-489f-a34f-fc2d160e6955_w1023_r1_s.jpg

Иран астанасы Тегеранның бұрынғы мэрі Әли Наджафиді сот екінші әйелін өлтірді деп танып, өлім жазасына кесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Сот өкілі Голамхоссейн Эсмаили "Судья Наджафи әйелін қасақана өлтірді деп танып, өлім жазасын орындауды үкім етті" деді.

Баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 67 жастағы Наджафи бұған қоса "заңсыз қару сақтағаны үшін" екі жыл түрмеге кесілген. Бұрынғы мэр Жоғарғы сотқа үкім үстінен 20 күн ішінде шағым түсіре алады.

Наджафидің әйелі Митра Остадтың денесі биыл 28 маусымда Тегеранның солтүстік-батысындағы үйінде табылған. Билік өкілдері Наджафидің жанжалдан соң әйелін өлтіргенін мойындап, полицияға өз еркімен берілгенін айтқан.

Ислам шариғатын ұстанатын Иранда көп әйел алуға рұқсат берілген. Наджафи жас қыздар билеген рәсімге қатысқаны үшін қарсыластарының сынына қалып, былтыр отставкаға кеткен. Бұрынғы мэр қызметтен "денсаулығына байланысты" кеткенін айтқан.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар