Екі баласы мен күйеуін улап өлтірген әйел 24 жылға сотталды.

/image/2019/08/08/crop-41_7_524x931_8df3faac3cf8a965410c20733beb97b0.jpg

Тәжікстанда Куляб аймақтық соты екі баласы мен күйеуін улап өлтірген әйелді 24 жылға соттады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі centralasian.org сайтына сілтеме жасап.

Тергеу нұсқасы бойынша, Мавлуда Одилова өз отбасын ауыл шаруашылығында пайдаланылатын аммиак селитрасымен улаған. Бұл туралы Азаттықтың тәжік қызметіне соттағы дереккөз хабарлады. Оның айтуынша, Одилованың екі баласы мен күйеуі өткен жылы у қосылған тамақтан қаза болған.

"Сот айыпталушының кәмелет жасқа толмаған баласы барын ескерген. Мавлуда Одилова жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейді" деді дереккөз.

Сотталушының туыстары мен жақындары сот шешіміне қатысты пікір білдіруден бас тартты. Олардың сот шешіміне шағым түсірер-түсірмесі әзірге белгісіз.

Бұған дейін күдіктінің анасы Муслима Холова қызы кінәлі еместігін, өйткені ол да балалары мен күйеуі секілді астан уланып қалғанын айтқан еді. Мавлуда Одилова тергеушілерге өз балалары мен күйеуіне қастандық ойламағанын мәлімдеген.

"Одилова кінәсін мойындаған, бірақ кейін айтқан сөздерінен бас тартқан. Прокуратура оның кісі улауға қатысы барын анықтаған соң, Одилова қамауға алынды" деді дереккөз.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Мавлуда Олилова дайындаған тамақтан барлығы тоғыз адам уланған. Дәрігерлер оның бір жарым жастағы баласын, атасы мен енесін ажалдан аман алып қалған.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар