Намазхан әкесіне шағымданған оқушыға әкім ақылын айтты

/image/2019/08/20/crop-1_6_368x621_mycollages-1.jpg

Ақтөбе облысы Темір ауданының әкімі 10-сынып оқушысының сұрағына жауап берді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Оқушы намаз оқитын әкесінің білім алуға кедергі келтіретінін айтып, аудан әкімінен ақыл-кеңес сұраған. 

"Аға сізді Instagram-дағы сұрақтарға жауап береді деген соң жазып едім. Мен оныншы сыныпқа енді көшемін.  Бес жыл бойы әкемнен үйреніп, намаздамын. Өзіңізді екі рет намазда көрдім.

Әкем әдеби, басқа да кітаптарды оқытпайды. Тек «Құран кәрімді оқы, бар білім сонда» деп айтады. Не істеймін?

Дизайнер болуды армандаймын. Әкем оны "харам" дейді. Ақыл айтыңызшы", - деп жазған оқушы. 

Аталмыш сұраққа жауап ретінде Instagram парақшасы жазба қалдырды. 

"Жекеге күніне ондаған хаттар түседі. Көбісі күнделікті тіршіліктің қамы. Ал, бұл хаттың жөні бөлектеу. Сондықтан да берген жауабымның үзіндісімен көпшілікті таныстыруды жөн санадым.
Қадірлі жас дос! 
Сіздің оқу, білімге, өнерге деген құштарлығыңызға мен қатты қуанып отырмын. Қазақ әр баласын жеті өнер де аз болады деп тәрбиелеген. Себебі өнер мен білім азаматтың ғұмырлық азығы. 
Білім-біздің ата дінімізде де ерекше бағаланады, қасиетті кітабымыз да жаратқаннан алдымен Оқы-деген сөздермен бастап түскен.
Бірақ, тек діни біліммен біз алысқа бармаймыз. Заман-білімдінің қолында. Ислам қауымының көп артта қалуының да сыры сол өнер, білімге ұмтылмауында жатыр.
Саған бос уақытымда бірнеше мысалдар келтіремін. Соның алғашқысы:
Исламды алғаш таныған араб елдерінде ( Египет, Саудия, Морокко, Мавритания т.б) 430 млн халық тұрады. Бұны қойсақ, әлемде 1.6 млрд халық-мұсылмандар. Осының бәрі жабылып ерте жастан баласын ғылымға тәрбиелейтін, қазір 8 млн ғана халқы бар Израильге шамасы келіп отыр ма? Жоқ! 
Сен киіп отырған киім, әкеңнің мініп жүрген көлігі, айналаңның бәрін қарашы біздердің, мұсылмандардың ойлап шығарғаны бар ма??? Жоқ!
Бүгінше осы жарар! Бауырым, Балам біз айтқан кемшілікті түзер, қазақ, барша мұсылман мақтан етер азамат болғың келсе Оқы!", - деп жазды Жолдас Нұрланұлы. 

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Жекеге күніне ондаған хаттар түседі. Көбісі күнделікті тіршіліктің қамы. Ал, бұл хаттың жөні бөлектеу. Сондықтан да берген жауабымның үзіндісімен көпшілікті таныстыруды жөн санадым. Қадірлі жас дос! Сіздің оқу, білімге, өнерге деген құштарлығыңызға мен қатты қуанып отырмын. Қазақ әр баласын жеті өнер де аз болады деп тәрбиелеген. Себебі өнер мен білім азаматтың ғұмырлық азығы. Білім-біздің ата дінімізде де ерекше бағаланады, қасиетті кітабымыз да жаратқаннан алдымен Оқы-деген сөздермен бастап түскен. Бірақ, тек діни біліммен біз алысқа бармаймыз. Заман-білімдінің қолында. Ислам қауымының көп артта қалуының да сыры сол өнер, білімге ұмтылмауында жатыр. Саған бос уақытымда бірнеше мысалдар келтіремін. Соның алғашқысы: Исламды алғаш таныған араб елдерінде ( Египет, Саудия, Морокко, Мавритания т.б) 430 млн халық тұрады. Бұны қойсақ, әлемде 1.6 млрд халық-мұсылмандар. Осының бәрі жабылып ерте жастан баласын ғылымға тәрбиелейтін, қазір 8 млн ғана халқы бар Израильге шамасы келіп отыр ма? Жоқ! Сен киіп отырған киім, әкеңнің мініп жүрген көлігі, айналаңның бәрін қарашы біздердің, мұсылмандардың ойлап шығарғаны бар ма??? Жоқ! Бүгінше осы жарар! Бауырым, Балам біз айтқан кемшілікті түзер, қазақ, барша мұсылман мақтан етер Азамат болғың келсе-Оқы!

Публикация от Жолдас Калмаганбетов (@zholdas_nurlanuly)

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар