ВКонтакте” әлеуметтік желісінің пайдаланушысы әйелдің полицейге балағат сөздер жаудырып, төбелес ашқан видеосын жария етті.
Видеодан полицейлердің біріне жұдырық ала жүгірген әйел көлік ішіндегі баласын босатуды талап етіп жатқаны байқалады. Видероликтің атауында оқыс жағдай Оңтүстік Қазақстандағы Түркістан қаласында орын алғаны жазылған.
Көліктің ішінен шықпай есігін құлыптап алған полицейдің біріне әйелден өзге ер кісі де баланың жылап жатқанын айтып, босатуын өтінгені естіледі. Ашуға булыққан әйел сол жерде жүрген екінші полицейге тап береді. Әзірге оқиғаның егжей-тегжейі анықталмаған.
Ескертпе: Видеода бейәдеп сөздер кездеседі.
Пікір қалдыру