Қазақстанның Еңбек Ері, Халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың шығармаларын насихаттауға арналған алғашқы театр фестивалі 2016 жылы желтоқсан айында республикалық деңгейде өтті. Оған республикамыздың аймақтарынан алты және Ресейден Ноғай театры қатысқан болатын. Биылғы жылы қазан айында Маңғыстау облысы әкімдігінің құрылтайшылығымен, республика мәдениет және спорт министрлігі мен ТҮРКСОЙ-дың қолдауымен өтетін фестивалдің ерекшелігі әлемнің түкпір-түкпірінен бірнеше театр ұжымы қатысады. Олар:
1) Армениядан Абельян Ванадзор мемлекеттік драма театры;
2) Грузиядан Тбилисидің Мемлекеттік Азербайджан театры;
3) Ираннан Биле Савар Барбод театры;
4) Өзбекстаннан Хорезм театры;
5) Тәжікстан К.Худжанди атындағы музыкалық комедия театры;
6) Түркияның Мемлекеттік театры;
7) Түркменістан мемлекеттік театры;
Сондай-ақ, Қазақстаннан М.Әуезов атындағы мемлекеттік академиялық драма театры, Ж.Аймауытов атындағы Павлодар облыстық драма театры және Н.Жантөрин атындағы драма театры қатысып, өнер көрсетеді.
«Өкінішке орай, Әбекеңнің классикалық көркем шығармаларының сахналанғаны, оның ішінде өзге тілдерге аударылғаны тым аз. Сондықтан оларға биылғы фестивальге өз репертуарындағы ұлттық және классикалық қойылымдармен қатысуға рұқсат етілді. Ал болашақта Әбекең шығармаларын ұлттық және шет елдердің сахналарында сөйлетуге жан –жақты дайындық жүргізіледі деп ойлаймын. Бұл ретте жалғыз біздің театр ғана емес Әбіш ағаның әдеби мұрасына жанашыр қаламгер әріптестері, басқа да ынталы зиялы қауым белсене ат салысуы тиіс»,- деді Н.Жантөрин атындағы облыстық-музыкалық драма театрының директоры Нұрнияз Мұханов.
Бұл туралы Маңғыстау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Н.Жантөрин атындағы облыстық-музыкалық драма театрның директоры Нұрнияз Мұханов айтты.

Пікір қалдыру