Президенттің кеңесшісі Ерлан Қарин Бейжіңде танымал қытай актері әрі режиссер Джеки Чанмен кездесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Ерлан Қарин инстаграм парақшасында жазды.
"Сәуір айында Джеки Чанмен кездескенде "Жусан" гуманитарлық операциясы туралы айтып бергенмін. Сол кезде ол бұл оқиғадан қатты әсерленіп "бұл фильмнің дайын сюжеті екен" деген болатын. Кеше Пекинде Джекимен тағы кездескенде әртүрлі тақырыптарды талқылап, сонымен қатар, қаңтар операциясынан кейін де "Жусанның" бірнеше кезеңі болғанын айттым. Содан кейін дайындалып жатқан фильмнің концепциясын көрсеттім. Джекидің айтуынша, мұндай шынайы оқиғаға негізделген тарих көпшілікке кеңінен насихатталуы тиіс. Джеки бұл фильмге түспейді. Ол басқа жобаға қатыспақшы. Нақты қандай жоба екенін келесі айда айтамыз" делінген жазбада.
Пікір қалдыру