ІІМ: Жиналғандар құқық қорғау қызметкерлеріне қарсы заңсыз әрекеттер жасай бастады (видео)

/image/2019/09/21/crop-10_192_709x1260_050887e0-d658-4a05-b135-155139ee18e9_w1597_n_st.jpg

Алматы мен Нұр-Сұлтанда 21 қыркүйек күні болған наразылық жиындары кезінде полиция  57 адамды ұстады деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы Қазақстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Министрліктің хабарламасында "жекелеген азаматтар прокуратураның ескертуіне қарамастан тыйым салынған экстремистік ұйымның арандату әрекеттеріне еріп кеткені"  айтылған. 

"21 қыркүйекте Нұр-Сұлтан мен Алматыда рұқсат етілмеген митингілер өткізуге әрекет жасалды. Прокуратураның бірнеше рет ескертулеріне қарамастан, жекелеген азаматтар тыйым салынған экстремистік ұйымның арандатушылық шақыруларына ұшырады. Олардың кейбіреулері басқа азаматтардың тыныштығы мен қауіпсіздігіне және жол қозғалысы қауіпсіздігіне қауіп төндірді. Құқық қорғау қызметкерлеріне қарсы заңға қайшы әрекеттер жасай бастады", - делінген ведомство таратқан хабарламада.

Министрлік хабарламасында  "Нұр-Сұлтан мен Алматыда  құқық бұзушылық жасағаны үшін 57 адам ұсталғаны, қазір оларды әкімшілік жауапкершілікке тарту мәселесі қарастырылып жатқаны" жазылған.

21 қыркүйекте Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент қалаларында биліктің рұқсатынсыз адамдар орталық алаңдарға жиналды. Жергілікті билік пен прокуратура өкілдері азаматтардың бұл әркетін "рұқсат етілмеген митинг" екенін айтты. 

Қазақстан билігі жиналғандарды елде тыйым салынған "Қазақстанның демократиялық таңдауы" (ҚДТ) ұйымының жетекшісі Мұхтар Әблязовтың арандатуымен арнайы жиналғанын айтты.

Qamshy.kz ақпарат агенттігінің тілшісі Алматыдағы "Астана" алаңының маңын полиция мен арнайы жасақ түскі сағат 11.00 шамасынан бастап қоршап тұрғанын және түскі сағат 14.20-дан бастап азаматтырды ұстағанын көрген.

 

 

 

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар