Маңғыстауда жол сапасы салынбас бұрын қадағаланатын болды

/image/2019/09/25/crop-212_182_1176x1568_070132663600.JPG

Маңғыстауда Ұлттық жол активтері сапасы орталығы 2019 жылдың наурыз айында ашылды. Аталған орталықтың негізгі мақсаты – автомобиль жолдарын бақылауды қамтамасыз ету. Жаңадан құрылған мекеменің міндеті – республикалық және аудандық маңызы бар жолдар мен жұмсалатын материалдарды қадағалау, сапасы мен негізгі жағдайын тексеру.

          -«Біз уақытылы басқарма өкілдеріне қай жол қандай жағдайда, сапасы қандай жөнделу жұмыстары қандай барлығын анықтап айтатын боламыз. Мысалы өздеріңіз білесіздер Ақтау - Жаңаөзен жолдар қалай жасалғанын. Дәл сондай жүйені біз аудандарға да енгізу басты міндетіміз болып отыр. Жол бойынша қазір шешілмеген мәселе көп, сол себепті де әкімшілікпен бірге жұмыс жасаймыз. Ендігі жерде жол құрылысы басталмас бұрын пайдаланылатын құрылыс материалдары алдын-ала тексерілетін болады», - деді «Ұлттық жол активтері сапасы орталығының» директоры Тұрбек Спанов.

          Бүгінде бес деңгейдегі сапаны тексеріп отыру облыс көлеміндегі республикалық және халықаралық маңызы бар жолдарға енгізіліп, өз жұмыстарын атқаруда. Болашақта бұл жүйе қала және ауданаралық жолдарға да енгізілгелі отыр. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар