«Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының негізгі міндеттерінің бірі – Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік бастаманы іске асыру үшін қолайлы құқықтық жағдайлар жасау болып табылады. Осы бағытты ұстанған палата өңір-өңірлерде кәсіпкерлердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау қызметін көрсетіп келеді. Сондай-ақ, салаға қатысты заңнаманы жетілдіру процесінде кәсіпкерлік мүдделерін қорғауда деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Бұл бағыттағы жұмыстар Жамбыл облысында да жүргізілуде. Атап айтсақ, ағымдағы жылдың 8 айында Жамбыл облысының кәсіпкерлер палатасына барлығы 225 өтініш келіп түскен. Палата қызметкерлері жіті талдауынан өткен сұраныстар жан-жақты қаралып, нәтижесінде 48-і оң шешімін тапқан. Осылайша, палата бизнес өкілдерін қолдау көрсетіп қана қоймай, олардың жалпы сомасы 727 449 276 теңгені құрайтын мүліктік құқықтарын қорғап қалған.
Бизнесті қорғаудың ең пәрменді құралдарының бірі – Жамбыл облысы Кәсіпкерлер Палатасының Кәсіпкерлер құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс - қимыл жөніндегі кеңесі. Тұрақты жұмыс істейтін консультативтік-кеңесші орган және кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерін ұсыну, қамтамасыз ету және қорғау мәселелері бойынша міндеттерді жедел және жүйелі шешу, сондай-ақ Жамбыл облысында бизнесті дамытудың проблемалық мәселелерін жария ету мақсатында құрылған. 2019 жылдың ағымдағы кезеңінде кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Кеңестің 7 отырысы өткізілді. Олардың қарауына 11 проблемалы мәселе шығарылды, оның 5-уі оң шешілген.
Бұдан бөлек, кәсіпкерлер өңірлік палатаға жер қатынастары, мемлекеттік сатып алу және салық салу саласындағы проблемалар бойынша да жүгінуде.
– Бүгінгі таңда қалалар мен елді мекендерде коммерциялық мақсаттар үшін жер учаскелерін алу немесе сатып алу жамбылдық кәсіпкерлердің ең маңызды проблемаларының бірі болып отыр. Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 48-бабына сәйкес мемлекеттік меншіктегі жер учаскелерін немесе жер учаскелерін жалдау құқығын беру сауда-саттықта, оның ішінде ұйымдастыру және өткізу тәртібі Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 21015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген Ережемен реттелген электрондық сауда-саттық өткізу жолымен жүзеге асырылады. Бүгінгі күні жер учаскелерін беру бойынша өткізілген барлық сауда-саттық стандартты схемалар бойынша жүзеге асырылды, – дейді
Жамбыл облысы кәсіпкерлер палатасы директорының құқықтық мәселелер жөніндегі орынбасары Ирина Ким.
Пікір қалдыру