-«2019 жылдың 8 айында республиканың медициналық ұйымдарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) шеңберінде халыққа көрсетілген қызметтер үшін аударылған қаражат көлемі 697 млрд теңгені құрады. Ал, қордың Маңғыстаудағы биыл 8 ай ішінде медициналық ұйымдарға аталған қызмет үшін 19 млрд 606 млн теңге шамасында қаражат бөліп отыр», - дейді қордың Маңғыстаудағы филиалының бөлім басшысы Бибатпа Өтекеева.
Айта кетейік, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» Маңғыстау облысы бойынша филиалы халыққа тегін медициналық көмек көрсететін 51 медициналық ұйыммен келісім шарт орнатқан, оның ішінде 25 жекеменшік мекеме бар.
МСҚ 2018 жылдан бастап ТМККК және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) пакеттерінің қаржылық операторы болып табылады және халыққа көрсетілетін медициналық қызметтерді ҚР Үкіметі бекіткен тәртіп бойынша сатып алумен айналысады.
Пікір қалдыру