Ғаламторда танысқан қыз бен жігіт алғашқы кездесуде төбелесіп қалды

/uploads/thumbnail/20170708190744532_small.jpg

Қытайда  қыз бен жігіт Интернет арқылы танысып, бір-біріне ғашық болып, кездесіп танысуды ұйғарады. Алай олар алғашқы кездесулерінде  төбелесіп қалыпты. Оқиғаны куәгерлер түсіріп алып, Қытайдың көптеген интернет-ресурстарына шығарды, кейін YouTube желісіне де жүктелді.

Жастар бір-бірін дәл суреттегідей елестеткен. Бірақ кездесу кезінде шын өмірдегі бейнелері екеуінің де көңілдерінен шықпаған.  Видеодан "өзіңе қарап ал, түрің қандай! Суреттерде тіпті басқа көрінесің!"деген қыздың сөзін естуге болады. Бұдан кейін ол жігітті сөмкесімен ұрып, "пайдаланып кеттің" деп айыптайды. Жағдайды көшедегілерге көрсеткісі келген жігіт смартфонындағы суреттерге нұсқайды: "Қараңыздар. Мені Интернет арқылы шақырды. Қараңыздар мына тауықтың маған не жібергенін. Бұл не сонда, өзі ме?".

Жанжал кезінде қыз оны "нақұрыс" деп атайды. Жігіт оны итеріп құлатып, жайына кетеді.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар