АҚШ: Тағы бір қара нәсілді азамат полиция қолынан қаза тапты (видео)

/image/2020/06/15/crop-219_95_614x1093_snimok-ekrana-6.png

Youtube желісінде Рэйшард Брукс есімді қара нәсілді азаматтың өліміне себеп болған оқиғаның видеосы жарияланды. 

Видео сипаттамасында "ескерту: видеода жағымсыз дыбыстар мен бейнелер бар. Көру немесе көрмеу көрермен еркінде" делінген.

Атланта полициясы Рэйшард Брукстың өліміне соқтырған Вэнди тұрағындағы атыстың камера мен видеорегистраторға түсіп қалған сәтін жариялады. Түсірілім жұма күні кешкі уақытта тамақтану орталығының маңында болған. Бұл офицер Девин Броссанның камерасына түсірілген 1 сағат 23 минуттық видеоның алғашқы 42 минуты. Оқиғаға қатысы жоқ адамның есімі дыбыстық жолақпен өшірілген. Басқа ешбір жері түзетілмеген.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар