Шетелдегі "Қазақстан студенттер Альянсы" тарапынан шетелдегі қазақ ұлтының азаматтарын Қазақстанда оқытуға қолдау көрсету мәселесі көтерілген болатын. Сондықтан шетелде оқитын жастар, сіздерге ақпарат ретінде және мүмкіндік болса, сол елдегі қаракөз жастарға ақпаратты жеткізе жүріңіздер!
Білім және ғылым министрлігі тарыпынан жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтарды оқыту үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінде 1400 орын бөлінеді. Дайындық курсын бітіргеннен кейін жоғары оқу орындарына емтихан тапсырып, квота шеңберінде бакалавриат бағдарламасымен оқуға мүмкіндіктері бар.
Биылғы жылы Қазақстан Республикасы азаматтары болып табылмайтын ұлты қазақ адамдарға және шетел азаматтары үшін кешенді тестілеу:
- Моңғолияда және Тәжікстан Республикасында 2015 жылғы 24-29 тамыз аралығында;
- Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті, М.О.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Көкшетау мемлекеттік университеті базасында 2015 жылғы 28 тамыз - 2 қыркүйек аралығында белгіленді.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігінің маманы
Ақерке Абылайханқызының Facebook парақшасынан
Пікір қалдыру