Қытай Халық республикасының төрағасы Си Цзиньпинді "клоун" деп атап, оның коронавирус эпидемиясына қарсы іс-қимылын сынға алған қытайлық магнат сейсенбіде "сыбайлас жемқорлық жасады, пара алды және мемлекет қаржысын жымқырды" деген айыппен 18 жылға сотталды.
Бұрынғы жылжымайтын мүлік магнаты Рен Чжицян сондай-ақ 4,2 миллион юань (620 000 доллар) айыппұл төлеуі керек.
Рен осы жылы наурызда Си Цзиньпинді сынаған эссе жазғаннан кейін көп ұзамай жоғалып кеткен.
Пікір қалдыру