Трамптың президенттіктен кеткені рас па?

/image/2021/01/12/crop-8_6_339x580_074225371500.jpeg

АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми сайтында Трамптың президенттік мерзімі біткені жарияланды. 

Мемлекеттік департамент ресми сайтында "Дональд Дж.Трамптың президенттік мерзімі 2021-01-11 19:39:11 аяқталды" және "Майк Пенстің (вице-президент) мерзімі 2021-01-11 19:44:22 аяқталды" делінген.

Дипломаттардың бірі BuzzFeed News-ке ресми сайттың жүйесі "жабық жүйе" екенін, оны "бұзу мүмкін емес" екенін мәлімдеген.

Бұл туралы өзгерісті алғаш байқаған адамдардың бірі – Buzzfeed журналисі Кристофер Миллер өзінің твиттер парақшасында жазды. 

Ақ үйде не болып жатқаны әзірге белгісіз. 

Дегенмен, ақпаратқа сәйкес, АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео президент Трамп пен вице-президент Пенстің өмірбаяндық парақшалары өзгертілгеніне байланысты тергеу бастамақ.

 

 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар