Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы "Ұлыбританиядан басталған жаңа коронавирустық штамм кем дегенде 60 елде анықталды" деп мәлімдеді.
Қазіргі кезде әлем бойынша коронавирустан қайтыс болғандар саны екі миллионнан асты және вирустың жаңа нұсқалары қатты алаңдаушылық тудыруда. ДДСҰ-ның апта сайын жаңартып отыратын ақпаратына сәйкес, Оңтүстік Африка штаммы да ұлыбританиялық нұсқа сияқты жұқпалы деп саналады. Қазір бұл штамм 23 ел мен аумақта тіркелді.
Пікір қалдыру