Израиль Иранға шабуыл жасауға дайын және Тель-Авив Джо Байденге Иранмен ядролық келісімге қайта оралмауды ескертті. Себебі бұл Дүниежүзілік соғыстың тұтану қаупін тудырды, деп хабарлады Ассошиэйтед Пресс басылымы.
Израильдің әскери жетекшісі Байден әкімшілігіне 2015 жылғы Иран ядролық келісімшартын қатаңдатса да "қайта келісімге келуден сақтану керектігін" ескертті және ол өз әскери күштеріне осы жылы Иранға қарсы шабуылға дайындықты күшейтуді тапсырды.
Тель-Авивтың жоғарғы әскери басшысы Израиль армиясы Иран төндіретін қауіп-қатермен күресуге дайындалып жатқанын мәлімдеді және АҚШ президенті Джо Байденге Иранның ядролық келісіміне қайта оралмауын ескертті.
Генерал-лейтенант Авив Кохави АҚШ-тың халықаралық шартқа қайта қол қоюы "жақсылық емес екенін" айтып, Израиль армиясына "бірқатар жедел жоспарлар дайындау" тапсырылғанын ескертті.
Пікір қалдыру