Қытай мен АҚШ-тың Тайваньдағы шиеленісі ушығып, ядролық соғыс ескертуі жасалды

/image/2021/02/06/crop-16_6_602x1253_maxresdefault-1.jpg

Сарапшы Вашингтон мен Бейжіңнің Тайвань аралындағы шиеленісі ушығып, ядролық соғыс қаупі күшейгенін айтты. "Америка мен Қытай арасындағы ядролық соғыс қақтығысы екі жақтың да жойылуына әкеледі" деп ескертті АҚШ-тың бұрынғы елшісі Руй Сяоцзян.

Экс-елші АҚШ пен Қытай арасындағы ядролық соғыс қаупінен сақ болуға шақырды. Ол бұл мәселені Вашингтондағы Вудроу Вилсон сараптама орталығымен онлайн режимінде сөйлесу кезінде талқылады.

Тайваньдық БАҚ United Daily News ақпаратына сәйкес, Сяоцзян АҚШ мемлекеттік департаментінде 45 жыл жұмыс істеген.

Ол АҚШ-тың Сингапур, Қытай және Индонезиядағы елшісі қызметін атқарған.

1992-1995 жылдар аралығында Сяоцзян АҚШ-тың Бейжіңдегі елшісі қызметін атқарды.

Бұрынғы шенеунік АҚШ пен Қытай арасындағы ауқымды әскери қақтығыстың салдарын "АҚШ пен Кеңес Одағы арасындағы қақтығыс сияқты елестетуге болмайтынын" атап өтті.

Оның айтуынша, бұл жанжал "өзара жойылуға" әкеледі.

Сяодзян Американың қырғи-қабақ соғыс кезінде ядролық қарсыластықтан қалай аулақ болуды үйренгенін атап өтті.

Бірақ ол қазір қырғи-қабақ соғыстың сабақтары қалай ұмытылғанын да мәлімдеді.

Ол Вашингтон мен Бейжің Тайваньға қатысты дауларға байланысты әскери қақтығыс болады деп болжады.

Бұған дейін Байденнің Тайвань бұғазы арқылы Оңтүстік Қытай теңізіне соғыс кемесін жібергені хабарланған.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар