Қытай армиясы АҚШ соғыс кемесін өкшелей қуды–Шетелдік БАҚ

/image/2021/02/07/crop-18_10_700x1248_maxresdefault.jpg

Батыстық БАҚ Қытай мен АҚШ-тың Оңтүстік Қытай теңізіндегі шиеленісі күшейгенін хабарлады. Қытайлық басылым Бейжің әскери күштерінің АҚШ соғыс кемесін өкшелей қуып, даулы теңізден шығарғанын жазды.  

Ақпаратқа сәйкес, АҚШ пен Қытай әскери күштерінің Оңтүстік Қытай теңізіндегі бұрын-соңды болмаған шиеленісі пайда болды. Екі жақ бір-біріне бірнеше рет қатерлі қоқан-лоқы жасады.

Президент Джо Байден кезінде АҚШ әскери күштері бірінші рет даулы Паракел аралдары маңына соғыс кемесін жіберді.

АҚШ Әскери-теңіз күштерінің 7-ші флоты "теңізде жүзу еркіндігі" операциясын жасағанын мәлімдеп, "бүкіл әлем бойынша заңсыз теңіз талаптарына қарсы тұратынын" айтты.

Қытай Сиша аралдары деп атайтын Паракел аралдары Қытай, Тайвань және Вьетнамға тиесілі.

Қытайдың мемлекеттік бұқаралық ақпарат құралы Global Times-тың хабарлауынша, АҚШ кемесін Қытай армиясы қадағалап, даулы теңізден шығарып жіберген.

Reuters агенттігінің ақпаратына сәйкес, Қытай бұған дейін Оңтүстік Қытай теңізіндегі даулы аралдар маңында АҚШ күштеріне қарсы келген.

30 желтоқсанда ғана "USS John S. McCain" және "USS Curtin Wilbur" деп аталатын Вашингтонның екі соғыс кемесі Тайвань бұғазына жіберілген.

Оңтүстік Қытай теңізіндегі басқа территорияларда Малайзия, Бруней және Филиппин сияқты елдердің таласы бар.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар