Қытай мен АҚШ әскері арасында шиеленіс ушығып барады

/image/2021/02/11/crop-34_49_538x1225_maxresdefault-1.jpg

АҚШ-тың әскери-теңіз күштері мен Бейжің армиясы Оңтүстік Қытай теңізінде бетпе-бет келуді жиілетті. "Шиеленіс бұрын-соңды болмаған деңгейге жетті" деп жазды Financial Times.

АҚШ армиясының контр-адмиралы Джеймс Кирк "Біз қытай әскери қабілетінің күшейгенін көрдік. Күн сайын пайдаланылатын кемелер мен ұшақтар саны көбейген" деп мәлімдеді.

Қытай мен АҚШ әскери ұшақтары Тайваньның әуе қорғанысын идентификациялаудың оңтүстік-батыс бұрышында екі апта бойы шиеленіскен. Ақпаратқа сәйкес, қытайлық реактивті ұшақтар АҚШ соғыс кемесіне "ракеталық шабуылдар имитациясын" жасап, ұшып кеткен.

Мәліметтер бойынша, АҚШ соғыс кемесі жүзіп бара жатқанда аймаққа қытайлық 11 әскери жойғыш ұшақ, оның ішінде H-6 бомбалаушылары  ұшып келген.

"Тайвань мен АҚШ барлау қызметі қол жеткізген ұшқыштар кабинасындағы әңгімелер истребитель ұшқыштарының АҚШ әскери кемелеріне қарсы зымыран соққысы имитациясына қатысқанын растады" деп хабарланды.

Оқиғаға қатысты АҚШ әскери күштері "Қытай агрессивті әрекеттерге барды" деп байбалам салуда.

Сонымен қатар, "USS Nimitz" пен "USS Теодор Рузвельт" деп аталған америкалық екі соғыс кемесі суда бірлескен жаттығу өткізді. 

Екі ірі соғыс кемесінің бірлескен жаттығуы  2012 жылдан бері үшінші рет өткізіліп отыр.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар