Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасарына сөгіс жарияланды

/image/2021/02/12/crop-29_271_530x1019_2021-02-12-11.22.09.jpg

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов өзінің орынбасары Бақтияр Мәкеннің отставкасын қабылдамай, оған қатаң сөгіс жариялады, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Әкім орынбасары "ҚР мемлекеттік қызметі туралы" Заңға сәйкес қоластындағы қызметкер – мәдениет басқармасының жемқорлығы үшін отставкаға кетуге өтініш берген.

Алайда Бақтияр Мәкен жетекшілік ететін білім беру, дін, жастар саясаты, халықтың әлеуметтік осал топтарымен жұмыс және тағы да басқа әлеуметтік маңызды салаларда жүргізіліп жатқан жұмыстардың жоғары тиімділігі мен нәтижелілігі, сондай-ақ қылмыстық іске қатыспауы ескеріліп, Бақтияр Мәкеннің отставкасы қабылданбағаны хабарланды. Тек қатаң сөгіс жарияланған.

Бақтияр Мәкен 2016 жылы Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болған. Оған дейін Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2019 жылдың 10 шілдесінде Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары қызметіне кіріскен.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар