Есепті шенеунікке емес, халыққа беру керек

/uploads/thumbnail/20170708193626926_small.jpg

Әлеуметтік тақырыптарды қозғап, Астанада билбордсымақтар жасапты. Біріншіден, тұрған жерлері дұрыс емес. Әуежайдың жолына самсатып қойыпты! Ей, әкімдіктегілер! Кім үшін сол жерге тізіп қойдыңдар? Есеп беру үшін бе? Министрліктегілер көрсін, жұмыс жасалып жатыр деп ойласын деген боларсыздар? Ол жолмен тек солар ғана жүреді. Әлеуметтік тақырыптарды қозғай бастаған екенсіңдер, базарға, емханаға, мектеп, университтеттердің қасына іліңдер. Екіншіден, бір фото салып, сосын ол суретті түсіндіретін басқа жазу жазып, түк-түсініксіз шиырман-шатпақ істемеңдер. Машинамен зу ете түскен адам оны түсініп үлгермейді, көз 1-2 секундқа түскенде түсінікті болу керек. Үшіншіден,  мәселе өте көп, наркомания мен тастанды баланы неге айналдыра бересіңдер? Фантазия қайда?

Аңсаған Мұстафа, Facebook парақшасынан

Қатысты Мақалалар