Еуропа аспанын жап-жарық етіп, гүрілдеген дауыс шығарып қозғалған зат пайда болды. Мамандар заттың не екенін түсіндірді. Бұл туралы Лондонда шығатын The Independent басылымы хабарлады.
Еуропада, әсіресе, Ұлыбританияда мыңдаған адам жексенбі күні кешке аспаннан баяу қозғалған от шарын көргенін хабарлады. Жер атмосферасына кірген метеорит сияқты зат жарық пен жылу шығарып, Ұлыбритания, сондай-ақ Ирландия, Нидерланды елдерінің аспанында қатты гүрілдеген дыбыс тудырды.
Зерттеушілердің айтуынша, Жер атмосферасына құлаған метеор алғашында астероид ретінде басталып, Марс пен Юпитердің арасында пайда болған. зерттеушілер метеориттің бөліктерін қазір Челтнемнен табуға болатынын айтады.
От шарлары Халықаралық метеорлық ұйымның ең көп хабарланған объектісіне айналуы мүмкін. Егжей-тегжейлі есептер, соның ішінде аспандағы от шарының видеолары зерттеушілерге астероидтың табиғатын және оның қалай құлағанын түсінуге мүмкіндік береді.
Пікір қалдыру