Мысыр әкімшілігі Суэц каналына кептеліп қалған кеме иесінен 1 млд долларға жуық өтемақы талап етті

/image/2021/04/14/crop-13_16_516x948__117758525_gettyimages-1232005524.jpg

Мысыр Суэц каналын жауып тастаған алып контейнер кемесін ұстап тұратынын мәлімдеді. Ақпаратқа сәйкес, кеменің жапондық иесі 900 миллион доллар  өтемақы төлегенше, кеме жіберілмейді

"Ever Given" деп аталатын кеменің сақтандырушыларының бірі "UK Club" компаниясы  "Суэц каналы әкімшілігі талапты қанағаттандыру туралы ұсыныстан бас тартты" деп мәлімдеді.

Онда "құтқару бонусы үшін 300 миллион доллар және жоғалған беделі үшін 300 миллион доллар" деп көрсетілген.

Ұзындығы 400 метр, салмағы 220 000 тонна кеме қатты жел мен құмды дауылдың салдарынан 23 наурызда каналға кептеліп қалған.

Кеме алты күн бойғы құтқару операциясынан кейін  орнынан қозғалып, Канададағы қозғалыс жанданған.

Жерорта теңізін Қызыл теңізбен жалғап, Азия мен Еуропа арасындағы ең қысқа теңіз байланысын қамтамасыз ететін 193 км каналдан өту үшін сол кезде 400-ден астам кеме күтуге тура келді.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар