Ресей тез арада АҚШ-қа қарсы жауап шаралары болатынын мәлімдеді

/image/2021/04/16/crop-19_7_384x681_57189467_303.jpg

АҚШ жарияланған санкциялардан кейін Ресей қарсы шаралар жасайтынын мәлімдеді.

Бұған дейін, АҚШ президенті Джо Байден ресейлік дипломаттарды елден шығарды. Сонымен қатар, Мәскеудің АҚШ президенттік сайлауына араласу мәселесі мен кибершабуылдарға байланысты бірқатар санкция жариялаған.

Байден шараларды жариялай отырып, "шетелдік күштердің біздің демократиялық процеске араласуына жол бермейміз және жазасыз қалдырмаймыз" деді.

Кремль дереу жауап қайтарып, жедел іс-әрекет жасайтынын мәлімдеді.

Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасары Сергей Рябков "жақын арада бірқатар жауап шаралары басталады" деп ескертті. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар