ДДСҰ: Коронавирустың Үндістандағы нұсқасы алаңдаушылық тудырады

/image/2021/05/11/crop-24_21_485x943__118454568_259d725c-26e3-42bd-b20e-064eb1013e33.jpg

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Үндістанда алғаш рет табылған коронавирустың штамын "жаһандық алаңдаушылық тудыратын нұсқа" деп санайды.

Алдын-ала жүргізілген зерттеулер үндістандық мутация басқа нұсқаларға қарағанда оңай таралатынын көрсетеді және әрі қарай зерттеуді қажет етеді.

"Нұсқа қазірдің өзінде 30-дан астам елге таралды" деп хабарлады ДДСҰ.

Ұйым Ұлыбритания, Оңтүстік Африка және Бразилиядан шыққан тағы үш нұсқа да зерттеуді қажет ететінін мәлім етті. 

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар