Газа секторындағы қақтығыс. Бір күнде 40 адам қаза тапты

/image/2021/05/17/crop-23_9_521x945__118539457_48f474da-8796-4aa5-8a0a-341663fec9f2.jpg

Газадағы Палестина шенеуніктері Израильмен ұрыс басталғалы бері бір күнде ең көп өлім тіркелгенін мәлім етті.

Израильдің Газаға жасаған соңғы әуе шабуылында 40-тан астам адам қаза тапты, деп хабарлады жергілікті шенеуніктер.

Израиль армиясының дерегінше, Хамас тобы соңғы бір апта ішінде Израильге 3000-нан астам зымыран атқан.

Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас хатшысы Антонио Гутерреш алдағы ұрыстар аймақты "ауыр дағдарысқа" ұшыратуы мүмкін деп ескертті.

Ол "сұмдық" зорлық-зомбылықты тез арада тоқтатуды өтінді.

Дүйсенбі күні таңертең Хамас тобы Израильдің оңтүстігіне зымыранмен оқ жаудырғаннан кейін көп ұзамай Израиль Газа қаласының бірнеше ауданына 80 әуе шабуылын жасады.

"Газада қаза тапқандардың жалпы саны қазір 188 адамға жетті. Оның 55-і балалар, 33-і әйелдер. Олардың 1230-ы жарақат алған" деп хабарлады Хамас бақылауындағы денсаулық сақтау министрлігі.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар