Қытайда жаңа вирус адамдарға тарағаны расталды

/image/2021/06/02/crop-30_16_622x947_075511454700.jpeg

Қытай сейсенбіде H10N3 құс тұмауын жұқтыру бойынша алғашқы расталған жағдайды хабарлады.

"Цзянсу провинциясындағы 41 жастағы ер адамға 28 мамырда жоғары температура және басқа белгілер байқалып, ауруханаға түскеннен кейін H10N3 құс тұмауы вирусы диагнозы қойылды" деп хабарлады Қытайдың ұлттық денсаулық сақтау комиссиясы.

Қытай ауруларды бақылау және алдын алу орталығы өткен аптада пациенттен алынған қан үлгісінде штаммды растайтын геном тізбегін жүргізген. Вирусты жұқтырғаны анықталған ер адамның жағдайы тұрақты және ауруханадан шығаруға дайын, деп хабарлады Reuters.
 
Дегенмен, қытайлық медициналық орталық инфекцияның себебі туралы егжей-тегжейлі түсіндірмеді.
Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар