Талибандар 20 жылдан соң Кабулды қайта басып алып Ауғанстан билігін қолдарына алды. 17 шілде күні түнде "Талибан" ұйымының негізін қалаушылардың бірі "қасапшы Бардар" мен оның делегациясы ондаған жылдан кейін Ауғанстанға оралды. 53 жастағы Бардар Ауғанстанның жаңа басшысы болады деп күтілуде. Бұл туралы Son Dakika басылымы хабарлады.
Ауғанстандағы АҚШ және НАТО әскер күштерінің кетуімен тәліптер ел астанасы Кабулға кіріп, билікті иемденген. Президент Ашраф Ғани қақтығыс мен қантөгіс болдырмау үшін елден кеткенін жариялады. Бейбіт тұрғындар елден қашу үшін тіпті ұшақтарға жармасып өліммен бетпе-бет келуде.
Ауған елін басқаратын Талибан кеше баспасөз мәслихатын өткізіп, елде шариғат шеңберінде адам құқықтарына, соның ішінде әйел құқығына құрмет көрсетілетінін мәлімдеді. Алайда бұған көпшілік күмәнмен қарайды.
Британиялық The Guardian басылымы "тәліптер Кабул әуежайына бара жатқан ауғандықтарға зорлық-зомбылық көрсетті" деп хабарлады. Тәліптер әуежайдағы қауіпсіздікке уәде бергеніне қарамастан, қауіпсіздік бекеттерінде өтіп бара жатқанда әйелдер мен балаларды ұрып-соққан.
АҚШ-та орналасқан Fox News бұқаралық ақпарат құралы Талибан паранджа кимеген әйелдерді өлтіргені туралы хабарлады. 17 шілде күні Талибанның "Біз әйелдердің құқықтарын құрметтейміз" деген мәлімдемесіне қарамастан, олар көп әйелді өлтірді деген ақпарат шықты.
Қасапшы Барадар Ауғанстанға оралды
Талибан қозғалысының негізін қалаушылардың бірі – Молла Омардың өлімінен кейін 53 жастағы Барадар елдің жаңа басшысы болады деп күтілуде.
– Бүгін түстен кейін Катардан Ауғанстан Ислам Әмірлігі Кандаһар әуежайына Барадар бастаған жоғары деңгейлі делегация келіп қонды, – деді "Талибан" ұйымының өкілі Наим.
Талибан құрылған Кандаһар қаласында туып өскен Барадар 1996-2001 жылдар аралығында ұйымда әр түрлі қызмет атқарған.
Ауғанстанға АҚШ келгеннен кейін қашып кеткен Барадар кейін Пәкістанда түрмеге жабылған. Үш жыл бұрын АҚШ үкіметінің талабы бойынша босатылған Барадар содан бері Катар астанасы Дохада тұрған.
Пікір қалдыру