АҚШ президентінің ескертуінен кейін Ауғанстанда тағы жарылыс болды

/image/2021/08/29/crop-14_51_342x608_a20a64e5-ad99-4331-82ac-f30cef3f0e60.jpeg

АҚШ президенті Байденнің шабуыл туралы ескертуінен кейін Ауғанстан астанасы Кабул әуежайының жанында тағы бір жарылыс болды. Бұл туралы Son dakika басылымы хабарлады.

Әуежайға жақын аймақтағы үйге құлаған зымыран 2 адамды өлтіріп, 3 адамды жарақаттаған.

28 тамыз күні Джо Байден Ауғанстан астанасы Кабулдағы жағдайды "аса қауіпті" деп сипаттап, Хамид Карзай халықаралық әуежайына 24-36 сағат ішінде тағы бір шабул жасалуы мүмкін екенін хабарлаған. 

Өткен аптада Ауғанстан астанасы Кабулдағы Хамид Карзай әуежайының маңында жарылыс болып, 180 адам қаза тауып, 200-гу жуық адам жараланған.

Қаза болғандардың  13-і АҚШ сарбазы екені айтылды. ДАИШ радикалдық ұйымы (террористік ұйым-ред) шабуылдар үшін жауапкершілікті өз мойнына алды.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар