Тәліптер Ауғанстанда музыкаға тыйым салды. Халық әншісін өлтіргені хабарланды

/image/2021/08/29/crop-9_4_335x596_c44869f0-bd9f-4d89-98db-f29b2217f4dc.jpeg

Ауғанстандағы басқаруды өз қолына алған тәліптер елде музыкаға тыйым салды. Бұл туралы The New York Times басылымы хабарлады.

Талибан өкілі Забихулла Мужахид Нью-Йорк Таймс тілшісіне берген сұхбатында бұл мәлімдемені растады. Белгілі болғандай Талибан күштері Ауғанстанның халық әншісі Фавад Андарабиді үйінен ұрлап әкетіп, күштеп өлтірген.

– Музыкаға исламда тыйым салынған. Біз адамдарды соған тәрбиелейміз деп үміттенеміз. Енді бәрі өзгеше, басқаша болады, – деді Талибан өкілі.

Бұрынғы ішкі істер министрі Месуд Андараби әлеуметтік желідегі парақшасында халық музыкасы әртісін өлтіргенін хабарлады.

"Тәліптердің қатыгездігі жалғасуда. Бүгін олар ауған халқының сүйікті әншісі Фавад Андарабиді аяусыз өлтірді. Біздің ата-бабаларымыздың жері ешқашан Талибан озбырлығына бас имейді" деп жазылған хабарламада.

Қатысты тегтер :

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар