Ауғанстан астанасы Кабулдың солтүстік-шығысында орналасқан Панджшир провинциясы мен тәліптер арасындағы қақтығыс жалғасып жатыр. Бұл туралы Би-би-си ақпарат агенттігі хабарлады.
Ауғанстандағы Панджшер провинциясы үшін шайқасып жатқан ұлттық қарсылық күштері 4 күннің ішінде "Талибан" қозғалысының 350 өкілін жойғанын хабарлады. Тәліптердің 300-ге жуығы жараланып, тағы 35-і қамауға алынған.
Панджшер Ауғанстандағы тәліптердің бақылауына өтпеген жалғыз провинция. Сондықтан "Талибан" қозғалысының өкілдері өңірді қоршауға алған. Бұған дейін олар аймақ жетекішлерін өз еркімен берілуге үгіттемек болған. Алайда одан нәтиже шықпады.
– Келіссөздер сәтсіз аяқталды, себебі екі жақтың ұстанымы мүлде екітүрлі болып шықты, – деді ұлттық қарсыласу майданының өкілі Фахим Дашти.
Пікір қалдыру