7 қазанға қараған түні Пәкістанның Белуджистан провинциясында жер сілкінісі болып, 15 адам көз жұмды. Бұл туралы Би-би-си ақпарат агенттігі хабарлады.
Сейсмологтар Пәкістан аумағында магнитудасы 5,7 шкаласын көрсеткен жер сілкінісін тіркеген. Жерасты дүмпулерінің эпицентрі Кветта қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 102 шақырым жерде орналасқан.
Пәкістанның апаттарға қарсы күрес басқармасы 15-20 адамның мерт болғанын хабарлады. Билік апат құрбандарының саны бұдан да артуы мүмкін деп отыр. Қазір құтқару-іздестіру операциясы жүріп жатыр.
Дүмпу кезінде қанша үй мен ғимарат бүлінгені жайлы әзірге ақпарат жоқ.
Пікір қалдыру