Армения қорғаныс министрлігі Әзербайжан әскерін Товуз шекаралық ауданынан оқ жаудырды деп айыптады. Баку болса, өз позицияларына шабуыл жасады деп, Ереванды кінәлап отыр. Бұл туралы РИА Новости ақпарат агенттігі хабарлады.
– Түрлі калибрлі қарумен Товуз ауданының Мунджуглу, Агбулаг, Гоша, Кеханаби ауылдарында орналасқан бекіністеріміз атқыланды. Алайда соққымен жауап беріп, қарсыластық. Қарашаның 18-де шекарадағы жағдай тұрақталды, – дейді Әзірбайжан қорғаныс министрлігі.
Еске салайық, 16 қараша күні Армения мен Әзербайжанның қарулы күштері қақтығысып, 8 адам қаза тапты. Содан кейін көршілес республикалар Ресейдің қатысуымен атысты доғаруға уағдаласқан еді.
Пікір қалдыру