Голливуд жұлдызы Алек Болдуин "Руст" фильмінің түсірілімі кезінде кинематограф Халина Хатчинсті абайсызда атып өлтіріп алған соң, актерлік мансабының аяқталуы мүмкін екенін жеткізді.
"Бұл (карьерасын аяқтау) – болуы мүмкін" деді 63 жастағы актер ABC News арнасына берген сұхбатында.
Болдуин 21 қазанда Нью-Мексикода болған оқиға кезінде мылтықтың "шүріппесінбаспағанын" айтты.
"Біреу мылтыққа шын оқ салған. Оны істеген мен емес" деді ол.
Пікір қалдыру